Abstract:
Мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ руханиятында бірегей құбылыс болып табылатын Алаш
зиялыларының əдеби мұрасы жан-жақты қарастырылды. Соның ішінде А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы
шығармашылығы негізінде қазақ əдебиетіндегі ұлт тағдыры, елдік мəселелердің жырлануы жүйелі
сараланып берілді. Əдебиеттегі ұлт тағдыры қазақ қоғамының саяси-əлеуметтік мəселелерімен тығыз
байланыста талданды. Қазақ əдебиетінің түрлі жанрындағы əдеби мұралардың рухани жəне қоғамдық
маңызы айқындалды.