Abstract:
Өткен ғасырдың кемеңгер ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық қызметі
зерттелген. Ақын поэзиясындағы мəңгілік табиғат жəне адамзат өмірімен мəңгілік байланыс
тақырыбы философиялық пафоста жырланатыны көрсетілген. Өз шығармаларында ол жоғары адами
құндылыққа — адамгершілікке жасалған сатқындықты əшкерелейтіндігі жөнінде сөз қозғаған. Уақыт
ырғағына дөп басып жырлай отырып, ақын өз жан дүниесін, өз ойлары мен арман-мақсаттарын
жырлағаны сөз болған. Жастардың болашағы жайлы жан тəнімен тебіренген ақынның сөз саптаулары
мен ойларының тəрбиелік маңызы зор екендігі дəріптелген. Ақынның шығармашылық қызметін
жалпылау негізінде оның қазіргі заманғы отандық поэзияның көрнекті өкілі екендігі жөнінде
қорытынды жасалған. М.Мақатаевтың бірегей қайталанбас өлеңдері мен аудармаларын жаһанға
таратуы арқылы ақынды шет елдерге танымал ету қажеттігі алға тартылған.