Abstract:
Мақала авторы ақын Шылбы Көмекұлының қаламгерлік шеберлігі мен ұлт əдебиетіндегі орнын
анықтау мақсатында оның ғұмырнамасына тоқталды, өлеңдерінің жанрлық сипаты мен құрылысын
талдады. Қытайдағы қазақ поэзиясында өзіндік орны бар озық ойлы ақын поэзиясының ерекшелігін
автор нақты мысалдар негізінде əдеби-теориялық талдаулар арқылы дəлелдеді. Ақын жырларындағы
сыншыл реализмнің белгілеріне тоқтала келе, замана шындығын жырлаудағы өзіндік сипаттарын
айқындап берген.