Abstract:
Мақала абайтану тарихына арналған. Мұнда алғашқы абайтанушылар Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,
М.Дулатовтардың, Абай шығармашылығы жайындағы алғашқы зерттеу мақалалары талданып,
абайтанудың қалыптасуындағы «Қазақ» газетінің ролі анықталды. Ұзақ жылдар бойы ғылыми
айналымға түспеген материалдардың мəні объективті түрде жан-жақты ашылды. Ə.Бөкейхановтің
Абай əдеби мұрасы жөніндегі мақаласының тарихи мəні зерттелді. Жалпы Абай шығармашылығын
алғаш зерттеушілердің ізденістері мен ғылыми жетістіктері талданған.