Abstract:
Мақалада қазақ терминологиясы қалыптасуының алғашқы кезеңі, өзіндік ерекшеліктері
қарастырылған. Алғашқы ғылыми əдебиет аудармаларындағы терминдік қолданыстар жан-жақты
талданып, олардың қазақтың төл сөздерінен жасалғандығы тілдік фактілер негізінде дəлелденді. Қазақ
лексикасының терминдену барысы сөз болды. Бұл үдерісте аудару тəсілінің басты қызмет
атқарғандығы айтылып, қазіргі қазақ тіліндегі терминдердің жасалуында да аудару терминжасамның
негізгі тəсілі ретінде көрсетілді. Мақала авторы зерттеулер негізінде қазақ терминологиясының
қалыптасуы мен қазақ тіліндегі ғылыми əдебиет стилінің алғашқы көріністері ХІХ ғасырдың ІІ
жартысынан бастау алатынын дəлелдей түседі.