Abstract:
Мақала бүгінгі күнгі өзекті мəселе тіл саясаты тарихының зерттелуіне арналған. Кеңестік дəуірде тіл мəселесі, кеңестік өкімет орнағаннан кейінгі жылдардағы пікірталастарды қоспағанда, тек 1989 ж. қыркүйек айындағы Пленумында ғана қаралды. 1990 ж. «КСРО халықтарының тілдері туралы» Заң
қабылданды. Үкімет осындай шешімдерді Одақтағы ұлттық жағдайдың шиеленіскен кезінде ғана қолға алды. Қазақстанның тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарындағы қоғамның барлық салаларындағы өзгерістері тəуелсіз мемлекеттің жаңа бағытын қалыптастырып, дамыту қажеттілігін көрсетіп отыр.
Осындай маңызды мақсатты жүзеге асыру қазақ ұлты мен қазақ тілінің қоғамдағы орнын нақтылаумен тығыз байланысты. Кеңестік дəуірдегі Қазақстанда жүргізілген тіл саясатының тарихын зерттеу, оның мəн-мағынасын түсіну бүгінгі күні қоғамда туындап отырған мəселелердің шешімін табудың негізгі жолы болып табылады.