Abstract:
Мақалада «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің филиалы «Балқаштүстімет» ӨБ мысалында ақша қаражаттарын талдау жəне бюджеттеу мəселелері қарастырылған. 2013–2014 жылдарға зерттеліп отырған кəсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысының талдауы жасалған. Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау қызмет түрлері бойынша жүргізілген, сонымен қатар ақша қаражаттарының қозғалысының есебін құру əдістері қарастырылған. Бюджеттеу мүмкіндіктері зерттеліп, оның қажеттілігі, артықшылықтары жəне кемшіліктері зерттелген. Ақша қаражаттарының
бюджетін құру тəсілдері айқындалып, зертеп отырған кəсіпорынның мəліметтеріне сүйеніп, 2016 жылдың 1 тоқсанына ақша қаражаттарының бюджеті жасалған.