Abstract:
Əр елдің жəне əр банктің несие қатынастарын реттейтін несиелеу жүйесі бар, алайда оларға бірдей моделді қолдану мүмкін емес. Бұл жерде банктердің операция көлемі, ішкі ережелері, қойылатын талаптары болғандықтан, клиенттердің несие қабілетттілігін бірдей шартпен талдау мүмкін емес. Қарыз алушының несие
қабілеттілігін талдау мен бағалау үлкен шеберлікті талап ететін іс, сол себепті банктің қарыз алушының несие
қабілеттілігін ұтымды бағалай алатын талдау кешені болғаны дұрыс.