Abstract:
Қазіргі уақытта экономикада мемлекет қоғамның алдында халық игіліктерін үздіксіз қамтамасыздандыру (public goods) жауапкершілігін мойнына алады, осы жағдай кейбір салалар мен кəсіпорындардың мемлекет
меншігінде қалғандығына негіз болып табылады. Сонымен бірге жеке кəсіпкерлікке мобильділік, ресурстарды пайдаланудың жоғары тиімділігі, инновацияларға бейімділігі тəн екендігі белгілі. Осы аталған екі жақтың
артықшылықтарын терең əлеуметтік өзгерістерсіз пайдалануды мемлекеттік-кəсіпкерлік əріптестік жағдайында
жүзеге асыруға болады.
Мемлекеттік-жеке кəсіпкерлік əрбір əріптестің əлеуетін арттыруға мүмкіндік береді жəне əрбір жақтың үздік мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасайды.