Abstract:
Мақалада 1917–1922 жылдары Кеңес Одағын құру жолындағы Ресейдегі большевиктер партиясы мен
үкіметінің əр түрлі саясаты баяндалды. Осыған байланысты Ресей халықтарының тəуелсіздіктеріне
қарсы болған большевиктердің азамат соғысы кезінде халықтардың əскери-экономикалық жəне саяси
одағын құрудағы саясаты жəне оны жүргізуде Қызыл Армияның кең түрде пайдаланғаны көптеген
деректермен дəйектелді. Сонымен қатар Кеңес Одағы құрылғаннан кейін, осы көп ұлтты мемлекеттегі
əр түрлі үрдістердің дамуы жəне соларға байланысты коммунистік империяның ыдырауы көрсетілді.
КСРО-ның мысалында көп ұлтты империялардың ыдырауы тарихи заңдылықтарға сүйенген құбылыс
екені дəлелденді.