Abstract:
Мақалада қазақ тіліндегі бастауыш пен баяндауышсыз толымсыз сөйлем жайы сөз болды. Автор
сөйлем толымсыздығының басты шарты контекст екендігіне тоқталды. Тіл біліміндегі зерттеулерді
басшылыққа ала отырып, бастауыштың түсірілу cебептері көрсетіліп, тілдік деректермен дəлелденді.
Қазақ тілінде бастауыштың түсірілу жағдайы жиі кездесетіндігі сөз болды. Баяндауыштың түсірілуі
контекст пен ситуацияға байланысты екендігі көрсетілді. Контекстік толымсыз сөйлемдер дербес
сөйлемдердің арасын байланыстырудың амалы екендігі, олардың мəтін түзімдік қызметі ашылды.