Abstract:
Мақалада XX ғасырдың бірінші жартысындағы қытай қазақ əдебиетіндегі əдеби үрдістің негізін
қалаған ақындар шығармашылығындағы ыңғайластық жəне үндестік мəселелері қарастырылып,
олардың бір бағытта, бір мақсатта қалам тартып ақындық үрдістің дамуына қосқан үлестері
сараланды. Ақыт Үлімжіұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Көдек Маралбайұлы, Асылхан Мыңжасарұлы,
Шарғын Əлғазыұлы, Шылбы Көмекұлы, Досбер Сауырықұлы, тағы басқа ақындар
шығармашылығындағы ағартушылық идеяның дамуы мен əлеуметтік сарынның көріну бағыттары
əдеби жəне тарихи негізделген бір жүйелілікте зерттелді. Аталмыш ақындардың шығар-
машылығындағы əдеби үрдіс пен жаңашылдық мəселесіне салыстырмалық тұрғыда талдау жасалды.