Abstract:
Қазақ əдебиетінің қайсыбір кезеңі болмасын бəрі де белгілі тарихи-əлеуметтік жағдайларға байланысты дамитындығы айтылған. Ол өз кезеңі ұсынған басты мəселелерге үн қосып, өмірдің өзекті сұрақтарына жауап беруге атсалысқандығы көрсетілген. Екі томдықтың бірінші кітабында кезінде аты қазаққа мəлім болған Бұқар жыраудан бастап Ақан серіге дейінгі белгілі ақын-жыраулардың əдеби мұрасы келтірілгені көрсетілген. XVIII ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының белгілі он тұлғасының шығармашылық жолдары ақындық қарымы жəне
туындыларының тарихы баян етілген. Екінші кітапта XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы ұлы Абайдан бастап Мұқағали Мақатаевқа дейінгі қазақ ақындарының əдеби мұрасы зерттелген.