Abstract:
Мақалада қазақ эпосындағы тұтастану құбылысы жан-жақты сараланып, оның ішінде эпикалық билеуші бейнесінің қалыптасу заңдылығы дəлелденген. Автор қазақ эпосындағы эпикалық билеуші бейнесін Абылайханға арналған тарихи шығармаларды талдау арқылы көрсетті. Тарихи эпостың қазақ хандық дəуірінен бастау алатынын айта келе, қазақ фольклорындағы эпикалық билеуші бейнесі Абылайдың ақ жолы атанған кезеңде жүзеге асқандығын, ауызша мұрамыздың белгілі бір тарихи реалды шындықты көрсете алғандығын нақтылай түседі.