Abstract:
Мақалада бүгінгі əдебиеттану ғылымындағы ХХ ғасыр басындағы əдебиет тарихының зерттелуіне
қатысты күрделі мəселе қарастырылған. Қазақ əдебиеті тарихын дəуірлеуде зерттеуші-ғалымдар
əдебиеттанудағы қандай ғылыми қағидаларды негізге алды, қандай əдіснамаға сүйенді деген
мəселелер кеңінен зерделенеді. Автор қазақ əдебиеті тарихын дəуірлеудің ғылыми тəжірибелеріне
сүйене отырып, осы бағыттағы еңбектерде əлемдік əдебиеттану ғылымындағы негізгі принциптермен
ұштастырылуында қол жеткізілген табыстарын саралап көрсетеді.