Abstract:
Мақала Қазақстан тарихындағы əлі күнге дейін зерттелмеген тақырыптардың бірі — отандық
шығыстану жəне арабтануға арналған. Қазіргі таңда елімізде шығыстану ғылымының іргесін кеңейтіп,
жас ізденушілердің араб əдебиетін зерттей алатын жаңа шоғырын қалыптастыру маңызды. Елімізде
шығыстанудың туын берік ұстап өзге де мемлекеттердегі шығыстанушылармен қатар тұрған
ғалымдарымыз баршылық. Осы сала бойынша алдыға қойылған негізгі мақсат — шығыстану ғылымы,
оның ішінде арабтанушылардың еңбектерімен танысып, оларды жалпы оқырман қауымға жеткізу.