Abstract:
Мақалада Кеңес дəуірінде Ресейдің Қазақстанды отарлауы философиядағы «төл сана» жəне «бөгде
сана» ұғымдары арқылы көрсетілген. Отарлау басқаның жерін басып алумен, саяси-əкімшілік билікті
өзгертумен шектелмейтіні тарихтан белгілі. Отарлаушылар отарлаған елдерін өздеріне қарсы бас
көтертпеу үшін бірінші кезекте халықтың елдік санасын, ұлттық намысын жоюға, бодан елдің төл
санасына қатыстылардың барлығын бөгде сана арқылы тоз-тозын шығарып бұзуға, халықтың тарихи-
мəдени жадын ұмыттырып мəңгүрттендіруге тырысады. Отарлаушыларға тəн бұл сипатты қазақ елін
Ресейдің отарлау саясатынан көруге болады.