Abstract:
Алаш партиясы көшбасшыларының бірі Хайретдин Болғанбаевтың өмірі мен қызметі бейнеленген.
Оның жалынды журналист жəне ағартушы болғаны, сондай-ақ көптеген мақалалары ағартушылық
бағыттағы «Қазақ» газетінде жəне Түркістан зиялыларының «Бірлік туы» газетінде жарияланып
тұрғаны көрсетілген. Оның осы баспалармен белсенді араласқаны жəне Ташкент, Ақмола мен
Қызылжар қалаларында халыққа білім беру жүйесінде қызмет атқарғаны айтылған. Оның ар жəне
ождан адамы болғаны, сондықтан тоталитаризмге қарсы шығып отырғаны, Түркістан ұлт-азаттық
қозғалысы жағына шыққаны кездейсоқ емес екендігі негізделген. Екі мəрте қуғындалғаны: 1928 жылы
Батыс Сібірге жер аударылғаны, ал 1937 жылы атылғаны көрсетілген. Зерттеуші-ғалымдарға
Алаштың көрнекті қайраткерлерінің бірі Хайретдин Болғанбаевтың шығармашылық мұрасын зерттеп
насихаттауға бағытталған ұсыныс-тілек айтылған.