Abstract:
Мақалада қазіргі түркі тілдеріндегі ілік септігі салыстырмалы-тарихи негізде қарастырылады. Автор
түркі тілдеріне тəн жалпы ерекшеліктерді анықтайды, оларға тілдік материал негізінде талдау жасай-
ды. Қыпшақ, оғыз, бұлғар, қарлұқ, ұйғыр-оғыз топтарына жататын тілдерді зерттеу негізінде ілік
септігін сипаттауда аталмыш септіктің фонетикалық нұсқасы, даму тарихы, сонымен қатар кейбір
тілдердегі қолданылу өзгешеліктері қарастырылады. Түркі тілдеріндегі ілік септігінің ортақ
белгілерін, айырмашылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында көне түркі ескерткіштерінің
материалдары талданады, сондай-ақ түркі тілдерінің тарихи грамматикасы бойынша мəліметтер
келтірілген.