Abstract:
Жиырмасыншы ғасырдың көрнекті қайраткері, ірі ғалым-ағартушы Халел Досмұхамедовтың өмірі
мен қызметі бейнеленген. Оның 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін өз халқының болашағы үшін
асқан құлшыныспен саяси күреске қатысуы суреттелген. Оның əскери жасақ құру, жастарды банк
ісіне үйрету, республикада баспа ісін дамыту жолындағы қызметтеріне баға берілген. Халелдің
жиырмасыншы жылдардағы ғылыми-ағартушылық қызметі, Ташкенттегі жəне Түркістан өлкесіндегі
ағартушылық жəне педагогикалық жұмысы ашылып көрсетілген. Оның халықтың ауыз əдебиеті
өнерін толықтырып жинастыруға қосқан үлесі айрықша көрсетілген. Тарих жəне этнография бойынша
ғылыми еңбектерінің маңызына көңіл бөлінген. Өткен ғасырдағы қазақ зиялыларының алдыңғы
қатарлы озық бөлігінің өкілі ретіндегі рөлі айқындалған. Х.Досмұхамедұлына қатысты тарихи
шындықты қалпына келтіру бойынша іс-шаралар қабылдап, оларды жүзеге асыру қажеттігі жөнінде
қорытынды жасалған.