Abstract:
Мақалада əңгіме жанрының бастапқы сөйлемдеріндегі авторлық баяндауда нақ осы шақ формасы жиірек жəне сөйлемге экспрессивті реңк бере қолданылатындығы айтылды. Етістік баяндауыштардың сөйлемді шартты түрде аяқтап, мағыналық жағынан əлі айтары бар болып түзілуі əңгіме жанрының бастапқы сөйлемдерінде жиі кездесетіні дəлелденді. Соңғы сөйлемдердегі баяндауыштар əңгіменің соңғы шегінің мазмұнына сай, белгілі бір стильдік мағынада қолданылса, ал бастапқы сөйлемдерде табиғат құбылысын суреттеуге арналатындығы қарастырылды.