Abstract:
Жақсылық/жамандық тақырыбы өткен ғасырлардан-ақ ұлы ойшылдардың, жырау, ақын, жазушылардың шығармаларынан көрініс тапқан. Мақалада «жақсылық»/«жамандық» ұғымдарының лингвистикалық, философиялық мəні ашылды. Жыраулар поэзиясы негізінде жақсылық/жамандық концептілерінің репрезентациясы қарастырылды. «Жақсылық»/«жамандық» концептілеріне қарама-қарсы «адам» концептісі негізінде талдау жасалды.