Abstract:
Мақалада қазақтың талантты ақындарының бірі — Жарасқан Əбдірашев поэзиясының стильдік ерекшеліктері, ақын эпиграммаларының құрылымдық, мазмұндық, тілдік ерекшеліктері қарастырылды. Ақынның поэзиясындағы қаламдастарының болмысы мен мінезі кейде уытты əзіл, кейде ащылау сықақ арқылы өрнектелген эпиграммаларының көркемдік ерекшеліктері сараланған.
Ұлттық поэзиямыздағы ішкі жанрлық түрлерді дамытуда, соның ішінде эпиграмма жанрының заңдылықтарын толық сақтай отырып, оны ұлттық ерекшелікке сай туындатуда, зор мүмкіндігін анықтауда үлес қосқан ақынның шеберлігі сөз болады. Эпиграмманың өзегі — сөзді ойната білу, тапқырлық, қысқа да болса нұсқалық болса, осы шарттар толығымен Жарасқан поэзиясында сəтімен үйлескендігі көрсетілген.