Abstract:
Мақалада сөйлемнің коммуникативтік типтерінің қазақ тіл білімінде, орыс жəне шетел тіл білімінде зерттелуі сөз болды. Коммуникативтік мақсаттағы сөйлемдердің басты белгісі коммуникативтік типтердің сөйлеу барысында туындайтыны жайында айтылып, сөйлем типтерінің пайда болу жағдайлары нақты тілдік деректермен дəлелденген. Мақала авторлары сөйлемнің коммуникативтік типтерінің айырым белгілері ремалық компоненттер сипатымен тікелей байланысты деген қорытынды
жасады.