Abstract:
Мақалада техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесін реформалаудың жəне модернизациялау процесіне байланысты өзекті мəселелер қарастырылған. Авторлар Қазақстан экономикасының индустриялық-инновациялық даму, техникалық жəне кəсіптік оқыту мамандарын даярлауда жаңа сапалы оқытудың талаптарына байланысты сұрақтарды талдады. Кəсіптік оқытуды ұйымдастырумен тиімді модельдеуді қамтамасыз етудің бастапқы жағдайы анықталды жəне қалыптастырылды. Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сəйкес білім беру жəне кəсіби біліктілікті интеграциялау — негізгі мақсатына жету үшін кəсіптік оқытудың нақты инновациялық жолдарының тиімділігі жоғары екендігі
дəлелденді.