Abstract:
Мақалада Қазақстан Республикасындағы əскери қызметшілерді əлеуметтік қорғаудың
конституциялық-құқықтық реттелу мəселелері қарастырылған. Автор əскери саясат жəне
қауіпсіздіктің конституциялық-құқықтық нормаларының қорғау жəне қамтамасыз ету сұрақтарын
қарастырды. Сондай-ақ Қазақстан өзінің тəуелсіздігін жариялап, əлем қауымдастығына толыққанды
мүше болуына байланысты өзінің мемлекет ретінде қалыптасуын нақты жағдайда бекіту тікелей
мемлекеттік саясатқа да байланысты болғаны жайлы сөз етті.