Abstract:
Мақалада Қазақстандағы көптілді білім беру мəселелері қарастырылды. Көптілді білім беру кеңістігіне тəн бағыттар анықталды. Өз тілін жетік білу арқылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқып үйренуде, авторлар үштілділіктің кезеңдерін сипаттайды. Егер үштілділік мемлекеттік тілдің негізінде дамыса, аталған мəселе өз шешімін табады. Біздің елдің тілдік саясатында басымдыққа ие қазақ тілі, өзінің тілдік дəрежесін біртіндеп нығайтуда.