Abstract:
Мақалада бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тəлім-тəрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттары, ұлттық құндылықтарымызды əлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тəрбиелеу мəселелері сипатталған. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тəрбиелеуге байланысты жанұя, мектеп, сынып жетекшілерінің тəрбие туралы беретін білім негіздері қарастырылған. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы, ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мəдениетін қалыптастыру жайындағы түсініктер келтірілген.