Abstract:
Мақалада бала өміріндегі ұлттық тəрбиенің рөлі туралы айтылған. Сол мақсатта ұлттық ойындардың, ұлттық мерекелердің, тілдің, салт-дəстүрдің маңызының ерекшелігі жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар осы айтылғандардың арасындағы сабақтастық жəне байланыс жақсы көрсетілген.
Қазіргі замандағы көкейкесті мəселелерді шешуге байланысты ұлттық тəрбие арқылы Отанды сүюге балаларды баулу, үлкендерді сыйлау жайлы ойлары жұмыста жүзеге асырылған.