Abstract:
Мақалада бастауыш мектепте оқытылатын информатика пəнінің рөлі, ақпарат туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру, компьютермен жұмыс жасау жолдары баяндалған. Авторлар бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақты қызықты өткізу, бастауыш мектеп оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтарын көтеру мəселесін қарастырған. Білім беру жүйесіне үлкен өзгерістер алып келген ақпараттық-коммуникациялық технологияның түрлері мен құралдары сараланған. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мазмұнын анықтауға негіз болатын оқытудың жалпы
дидактика негіздерінің тиімді жолдары көрсетілген.