Abstract:
Мақала биыл 30 жыл толып отырған Желтоқсан толқуына арналады. Бұл толқудың Қазақстанның көптеген аймағында болғаны белгілі. Толқу өткен облыс орталықтарының бірі — Қарағанды қаласы.
Қатысушылардың естеліктері мен зерттеушілердің мəліметтеріне сүйене отырып жазылған мақалада толқудың басталу себептері, түрткі болған оқиға, барысы мен нəтижелері зерттелді. Сондай-ақ сол уақыттағы толқу қорытындылары бүгінгі көзқарасқа сəйкес талданды.