Abstract:
Уақытта қозғалмалы шекаралы облыстардағы жылуөткізгіштік теңдеулерінің шеттік есептері үлкен қолданбалы мәнге ие. Мысалы, кристалдардың өсуінің теориясына, мұнай қабатттарының термика- сына, шоғырланған энергия ағымдарымен ыстық өту мәселесіне, жаңғыш материалдар қабатындағы жану процестеріне қатысты мәселелерді шешу қозғалмалы шекаралы есептерді шешуге әкеледі. Об- лыстың шекаралары еркін қозғалыс заңымен өзгеретін осындай типті есептерді шешудің жалпы әдісі қарапайым және екі қабатты жылулық потенциалдар теориясына негізделеді, ол Вольтерр типті екінші текті интегралдық теңдеулерді шешудің қажеттігіне әкеледі.