Abstract:
Азаматтық қоғам мен демократия, егемендік құндылықтары негізінде этносаяси дамудың басты
мəселелерін шешу Қазақстан Республикасындағы ұлттық-мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып
табылады. Еліміздің негізгі функцияларының бірі этносаралық қатынастарды реттеудің ҚР
Конституциясы нормаларына сəйкес берік саяси-құқықтық негізі бар. Ұлтаралық қатынастарды
реттейтін құқықтық негізін құрайтын заңнамалық нормалар мен актілер жиынтығы туралы сөз
болады. Елімізде ұлттық саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат пен қоғамдық ұйымдардың
қызметін үйлестіруде қоғамдық институт — Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөлі
көрсетілген.