Abstract:
Мақалада көне түркі тіліндегі сөйлем мүшелерінің көрінісі сөз болды. Түркі тілдеріндегі сөйлемнің құрылымдық заңдылықтарын анықтап, жекелеген түркі тілдеріндегі сөйлем құрылысының, мүшелерінің өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастық жақтарын ажырата білуде Орхон-Енисей ескерткіштері тілінің маңызы зор. Осы жазбалар материалы негізінен байқалғандай, қазіргі қазақ тіліндегідей, көне түркі тілінде де сөйлем мүшелері тұрлаулы, тұрлаусыз болып бөлінгендігі, олардың сөз таптарына қатысы салыстырыла қарастырылды.