Abstract:
Мақалада өлеңмен шығарылған шежірелік шығармалардың мəні мен маңызы, əдебиеттегі алатын орны жан-жақты айқындалған. Шежіренің фольклорлық сипатта дəлелді түрде көрсетіліп, мазмұнына қарай жүйелеудің жолдары анықталған. Сонымен қатар шет елдердегі қазақ ақындарының мұраларындағы шежіре шығармаларға əдеби талдау жасалған. Танымал ақындардың бірі Ақыт қажы Үлімжіұлының шығармаларына талдау жасалынып, шежіреге байланысты туындыларына айрықша мəн берілген.