Abstract:
Мақалада ХХ ғасырдың 20–30-жылдарында аты шыққан өздерінің жалынды жырларымен ақиқатты əшкерелеген ақындардың бір топ шоғыры туралы айтылды. Олар Дия, Сарынжіп, Бабас, Тəшен тəрізді керемет тұлғалар еді. Халықтың айта алмаған ащы зарын жырлаған ақындардың мұралары талданды. Мақала авторы тарихи мəліметтер мен жазба мұрағат деректеріне сүйене отырып, аталған ақындар өмір сүрген кезеңін, қайтыс болған уақытын, артында қалдырған мұра-қазынасы мен шығармашылық шеберлігін, сол кезеңдерде болған тарихи оқиғаларды сипаттайды.