Abstract:
Мақалада морфология саласында бұрыннан сөз болып келген еліктеуіш сөз табының жасалу жолдары сөзжасамдық жүйе тұрғысынан қарастырылды. Морфологияда еліктеуіш сөз табының жасалу жолдары грамматикалық мағына, форма тұрғысынан қарастырылып келсе, сөзжасамдық жүйеде бұл сөз табының мағына түрлері мен сөзжасамдық тəсілдер арқылы жасалатынына назар аударылады. Сөзжасамның лексика-семантикалық тəсілі нəтижесінде сөздердің лексикалық мағынада ауысатыны, түрленетіні сияқты мəселелер нақты мысалдармен дəлелденді.