Abstract:
Мақалада зерттеу нысанына алынған мəселе — қазіргі фольклортанудағы өзекті тақырыптардың бірі. Қазақ ауыз əдебиетінде жеке сала болып қалыптасқан жəне əлі де болса жалғасын тауып келе жатқан балалар фольклорының көкейкесті мəселелері ғылыми тұрғыда қарастырылған. Автор балаларға арналған ойын түрлері мен өлеңдердің жас ұрпақты тəрбиелеудегі алатын орнына тоқтала келіп, олардың жеке тұлға қалыптастыру жолындағы психологиялық, педагогикалық маңызына зерттеу
жасаған. Балаларға арналған қазақтың халық ойындарының түрлерін жəне оларға байланысты өлеңдердің шығуы мен айтылу ерекшеліктерін саралады. Ұлтымыздың байырғы балалар ойындары бүгінгі дамыған қоғамға сай өзгеріске ұшырауына нақты көңіл аударылған. Қазақтың байырғы балалар ойындарын қазіргі кездегі заман дамуына сай түрленуі мəселесін салыстырмалы тұрғыда талдаған.