Abstract:
Мақалада қазіргі түркі тілдеріндегі жабайы аңға қатысты атаулардың сипатына тарихи-салыстырмалы талдау жасалған. Түркі тілдеріндегі жабайы аңға қатысты атаулардың өзіне тəн ерекшеліктері қарастырылып, мысалдармен дəлелденген. Түркі тілдеріндегі жабайы аңға қатысты атаулардың сипатын көрсетуде зерттеушілер еңбектері арқылы қыпшақ, оғыз, қарлұқ, бұлғар, ұйғыр-оғыз тобындағы тілдердегі дамуы мен қалыптасуы, жеке тілдерге қатысты өзгешеліктері қарастырылған. Түркі тілдеріндегі жабайы аңға қатысты атаулардың ерекшеліктерін, айырмашылықтарын, ортақтықтарын көрсету барысында көне жазба ескерткіштері материалдарымен байланыста талдау жасалған, түркі тілдерінің тарихи грамматикасына қатысты мəліметтер келтірілген.