Abstract:
Мақалада Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романындағы тартыс пен характерді ашу үшін, ең алдымен, Абай өмір сүрген заман жан-жақты қарастырылды. Р.Тоқтаровтың шығармашылық жолы, əр жылдары жарық көрген романдарының тақырыптық, көркемдік сипаты туралы қысқаша айтылады. Ең бастысы — осынау романдар шоғырында «Абайдың жұмбағы» шығармасының алар орнына ерекше екпін түсірілді. «Абайдың жұмбағы» романының құрылымы мен кейіпкерлер жүйесі, мінез бен тартыс т.б. пайымдала келіп, авторлық ұстаным, негізгі идеяның жүзеге асуы, Абай феноменінің даналыққа ұласып, жалпақ жұрт үшін жұмбаққа айналуы, басқа да мəселелер авторлық көркемдік тəсілдер аясында қарастырылды.