Abstract:
Мақалада Шыңжаң қазақтары арасындағы беделді тұлға, халықтың жан күйер ақыны Зият
Көбегенұлының өмірбаяны, шыққан тегі, шығармашылығын, көпке таныс бола бермеген кейбір қырын негіз ете отырып, өзге ақындардан өзгеше ақындық стилі, даралық қасиеті таныстырылды. Автор шешен ақынның ел ішінде тап бермеде тауып айта алатын қабілетімен, өлең арқылы айтқан тəлім-тəрбиесімен ерекшеленген талай айтыстары, қоғамдағы келеңсіздіктерді сынай сөйлеген өлеңдерінен мысалдар келтіріп, қолданған теңеу, эпитет, салыстырулар жарастығын көрсетті. Əр жылдардағы жинақтарының мазмұны мəнерін талдап қарастырды.