Abstract:
Шығыстың ғұлама ғалымы Əбу Насыр əл-Фарабидің сан қырлы ғылыми қызметі туралы қысқаша
деректер келтірілген. Оның өз уақытындағы ғылымның барлық салаларының құрамдас бөлігі болып табылатын əдебиеттану, тіл білімі, поэзия, лингвистика саласындағы зерттеулеріне айрықша көңіл бөлінген. Оның өзі өмір сүрген оныншы ғасырдан бастап қазіргі кезге дейін Батыс пен Шығыстың көптеген көркем сөз шеберлері айтып өткен жəне айтып жүрген дарынды ақын екендігі көрсетілген. Көрнекті ғалымның əдеби шығармашылығын өткен ғасырдың 70-жылдарынан қазіргі кезге дейін зерттеген қазақстандық əдебиеттанушыларының зерттеу нəтижелері суреттелген.