Abstract:
Мақалада қазіргі тəуелсіз қазақ əдебиетінде өз бағытын айқындап, стилін танытқан жазушы Асқар Алтай шығармашылығы ғылыми тұрғыда қарастырылған. Жазушының «Кентавр», «Альпинист», «Казино» сынды шығармаларын негізге ала отырып, сюжеттік құрылымы талданды. Жалпы қазіргі таңдағы көркем шығармадағы сюжеттің рөлі мен дəстүрлі прозадан ерекшелігі, мотивпен байланысы айтылды. Көркем шығарма сюжеті жөніндегі əдебиеттанушы-ғалымдардың пікірлері сараланды.