Abstract:
Мақалада қазақ есімдерінің, оның ішінде бейресми есімдерінің тарихы жайлы сөз болады. Автор аңыз-ертегі кейіпкерлері мен ру, тайпа атауларынан бастау алатын бейресми есімдер тарихын тілші, тарихшы, этнолингвист-ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, дəуірлерге бөледі. Əр кезеңнің есімдер табиғатының ерекшелігіне, олардың түрлі қоғамдағы, ортадағы көрінісіне тоқталады. Бейресми есімдердің І дəуірі — көне түркі заманын, яғни V–VІІІ ғасырлардағы антропонимдерді қарастыра отырып, осы дəуірдегі ең басты ерекшелік – есімдердің ауысып отыруы туралы деректерді келтіреді. Мысалдар негізінде кісінің өз есімі мен бейресми есімінің шекарасын нақтылайды.