Abstract:
Мақалада Қазақстан мемлекетінің əрекет етуші типологиясы тұрғысынан жəне олардың
шеңберінде айқындалатын мемлекеттің негізгі типтері жүйесінде дамудың өтпелі кезеңіндегі
мемлекет ретінде сипатталады, ол кеңестік социалистік мемлекеттен əлеуметтік құқықтық
мемлекетке эволюциялық өту үрдісінен көрініс табады. Қазақстанға да қатысты мемлекеттің
өтпелі типінің анықталған белгілері: елдің əлеуметтік, демократиялық, құқықтық, зайырлы
сипаты; жеке меншіктің əлеуметтік тағайындалуы, қоғамның мүддесін қамтамасыз етуге
бағытталғандығы. Сондай-ақ автор қоғам тарапынан мемлекет əрекетін əр түрлі нысандарда
бақылауға негізделген əлеуметтік серіктестік бастаулары; ақпараттық-технологиялық дамудың
жоғары қарқыны; экономикалық, əлеуметтік, саяси, мəдени, идеологиялық қатынастарды
мемлекеттік реттеу шараларын күшейтуді қарастырады.