Abstract:
Мақалада Т. Əбдікұлының прозалық шығармалары зерттелді. Жазушының қаламгерлік шеберлігі өмірдің шынайы жағдаяттарын бере білуімен ерекшелінеді. Ол өмірдің шынайы болмысын философиялық тұрғыда қарастырды. Автор Т. Əбдікұлының прозалық шығармаларында қазақ халқының тағдыры қалай көрінетіндігі тақырыптық-проблемалық тұрғыда, өзектілігін бейнеледі. Сондай-ақ қаламгердің суреткерлік шеберлігі, прозалық шығармаларындағы образдар жүйесі, кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесі, адамның қоғамдағы алар орны психологиялық аспектіде талданды.