Abstract:
Мақалада көркем əдебиеттегі кейіпкерлердің ішкі əлемін ашудағы қаламгерлердің жан-жақты шеберлігі қарастырылған. Сондай-ақ екі жазушының шығармаларындағы тарихи тұлғаның көркем əдебиеттегі бейнесі салыстырмалы түрде талданған. Қазақ прозасындағы Шыңғыс хан образын арқау еткен екі суреткердің туындыларындағы тарихи шындық пен көркемдік шындықтың арақатынасы жəне қос шығармадағы ортақ ой, ортақ бейнелер, көркемдік шешім, көркемдік тəсілдер жайындағы мəселелер ғылыми талдауға өзек болған.