Abstract:
Мақала қазақ əдебиеттану ғылымында жеке қаламгер шығармашылығын жан-жақты зерттеу
бағытындағы өзекті тақырыпқа арналған. Автор Фариза Оңғарсынованың лирикасы тақырыптық табиғатына көңіл аудара отырып, оларды жеке түрлерге бөле келе, поэтикалық шеберлік мəселесін байланыстыра отырып, əдеби-теориялық талдаулар жасады. Азаматтық-саяси, махаббат, табиғат лирикалары арқылы ақынның қазақ поэзиясына қосқан үлесіне баға берді. Сол арқылы ұлттық лирикаға əкелген жаңашылдығы мен шеберлігін, көркемдік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда саралады.