Abstract:
Коммуникацияны жүзеге асыруда тілдік емес амалдардың да қызметі зор. Олардың тілдік
коммуникацияда қызметі сан алуан. Мақалада осындай паратілдік амалдардың көрінісі, түрлері, олардың қарым-қатынас үдерісіндегі қызметі қарастырылды. Паралингвистиканың ғылым ретінде қалыптасуы, паратілдік амалдарды зерттеуге қатысты алғашқы еңбектер сөз болады. Паратілдік амалдардың көрінісі автормен көркем шығарма мысалдары негізінде түсіндірілді.