Abstract:
Мақалада қазақ тіліндегі окказионализмдердің жалпы тіл біліміндегі топтастырылуына қысқаша шолу жасалды. Соның ішінде семантикалық окказионализмдердің жасалу ерекшелігі жан-жақты қарастырылды. Авторлар олардың көркем шығармада қолданылуына тоқталып, окказионализмдердің сөз мағынасының кеңеюіне тигізер ықпалын қарастырды. Жинастырылған мысалдар негізінде жазушының тілдік ерекшеліктері, яғни стильдік, сөз қолдану, көріктеу құралдарын қолдану ерекшеліктері, талданды.